RU
Плагиат бойынша айыпталған Жақыпованы басқа қызметке ауыстырмақшы

Плагиат бойынша айыпталған Жақыпованы басқа қызметке ауыстырмақшы

Рассказать Вконтакте

Ғылыми диссертациясында плагиат белгілері анықталған білім министрінің орынбасары Фатима Жақыпова басқа лауазымға көшіріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фатима Жақыпова басқа қызметке ауыстырылады

Фото: facebook парақшасынан алынды

Қазақстан БҒМ басшысының кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан Фатима Жақыповаға қатысты қабылданған шаралар туралы айтты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бейінді ведомство басшысының орынбасары Фатима Жақыпованы қызметінен босату жөнінде келісім жасалып жатыр.

Сонымен қатар, ол шенеуніктің басқа лауазымға ауыстырылатынын хабарлады. Алайда қай қызметке екені нақтыланбай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, депутаттар Фатима Жақыповамен қалыптасқан ерекше мәселені шешу үшін елдің министрлер кабинетінің басшысы Асқар Маминге жүгінді.

Сенаторлар білім министрлігіндегі қоғамды екі рет алдаған адамның жұмыс істеп жатқанына наразы. Оның бірі диссертация қорғау кезінде, екіншісі бұқаралық ақпарат құралдарында болған.

Плагиатты шетелдік сараптама жүйе растады.

Өзіне айып тағылған шенеунік үнсіз қалмай, әлеуметтік желілердегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан.

Алайда, өз мәлімдемесін жазған кезде, білім вице-министрі қызметін атқара отырып, бір мәтінде бірнеше қате жіберген.

Кейінірек ол телефон пернетақтасын асығыс басып, мәтінді дұрыс термегенін айтып, ақталды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel