RU
"Қып-қызыл шығын": Нұр-Сұлтанда жол ақысы 200 теңге бола ма

"Қып-қызыл шығын": Нұр-Сұлтанда жол ақысы 200 теңге бола ма

Рассказать Вконтакте

Елорданың автобус парктері жол жүру ақысын көтеруді ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қып-қызыл шығын": Нұр-Сұлтанда жол ақысы 200 теңге бола ма

Фото: astana.gov.kz

Қалалық мәслихатта өткен жиында № 3 автобус паркінің директоры Бауыржан Тілеубергенов биыл 5,5 миллиард теңгенің субсидиясын алмағанын мәлімдеді.

"Барлық актіге қол қойылған. Жұмыс атқарылды. Бірақ ол ақшаны бізге бермей жатыр. Бұдан бөлек, ішкі істер департаментіне сан алуан шараны өткізгенде автобустар береміз.
Осы жұмыстар бойынша 150 миллион теңгенің қарызы бар. Ал автобустарға жанар-жағармай құю керек, жүргізушілерге жалақы төлеу керек. Бұны ешкім ескермейді", - деді Тілеубергенов.

Осы орайда кәсіпорын басшысы балаларды тегін тасымалдауға дайын екенін жеткізді.

Бірақ жолаушылардың бір автобустан екінші автобусқа тегін ауысу жеңілдігін алып тастауды сұрады.

Ал №1 парктің өкілі жанар-жағармайдың таусылуға жақын екенін жеткізді. Себебі осы шикізат үшін қарыз бар. Енді, жанар-жағармайдың көлемі тек дүйсенбіге дейін ғана жетеді. Бүгінде осы парктің автобустары қалалық бағыттардың 60 процентін орындайды.

Бұдан бөлек, барлық қала маңындағы маршруттар осы кәсіпорынға қарайды. Жыл басынан бері парктің қарызы 1 миллиард 800 миллион теңгеге жеткен.  

"Бұл жерде арифметика қиын емес. Біз бәрін талқылап шықтық. Соны сіздерге жеткізейін деп едім. Негізі қалада жол жүру ақысының өзіндік құны – 189 теңге.

Қазір біз тасымалдан 66 теңге, ал субсидиядан 33 теңге көріп отырмыз. Сонда қалған 90 теңгені өзіміз табуымыз керек.

Бір автобустан екінші автобусқа ауысып отыру жеңілдігі де табыстың 30 процентін "жеп қойып" отыр. Сосын жеңілдікпен жүретіндер бар. Олар үшін 22 теңге аламыз. Бұның барлығы – қып-қызыл шығын.

Егер автобустарды таза коммерциялық мақсатта қолданатын болсақ, онда жол жүру құнын 200 теңге деп қою керек. Сонда субсидияның да қажеті жоқ", - дейді парктің өкілі.

Сіздің реакцияңыз
9
3
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel