RU
Жүрек айну, бас айналу: Көкшетаудағы бір мектепте 80 оқушы инфекция жұқтырған

Жүрек айну, бас айналу: Көкшетаудағы бір мектепте 80 оқушы инфекция жұқтырған

Рассказать Вконтакте

Кеше, 7 қарашада Көкшетаудағы №2 орта мектептің ондаған оқушылары сабаққа келмеген. Сабақтан қалғандардың бәрінде жүрек айну, бас айналу және асқазан-ішек жолының бұзылуы байқалған. Дәл осындай нышандар екі мұғалімнен де табылып, олар жұмысқа бүгін шығуға уәде беріпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мектеп директоры Гүлнар Әбдіқасымованың айтуынша, аталған дерек бойынша тексеріс жүргізілуде. Санитарлық дәрігерлер, прокурор мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Сабаққа келмеу дерегі таңертеңгі тексерістен соң белгілі болыпты. Бірінші сыныпта - 25 оқушы, екінші сыныпта - 22 оқушы, үшінші сыныпта - екі оқушы, төртінші сыныпта - 31 оқушы мектепке келмеген.

Ал ауруханаға тек бір балаға ғана жүгінген, оған энтеровирусты инфекция деген диагноз қойылған.

Бұл балалардың бәрі мектептің жаңа ғимаратында оқиды. Бірақ олардың бәрі бірдей мектеп асханасына бармайды. Сондықтан әзірге азық-түліктен уланды деген дерек расталмаған.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің сараптамалары өз қорытындысын айтуы керек. Тексеріс барысында жеке кәсіпкер жалға алған асхана мөрленген.

Мектеп басшылығы бұған дейін асханаға ешқандай шағым болмағанын, тексеру нәтижесі де оң болып шыққанын айтып отыр.

Әзірге санитарлық дәрігерлдердің қорытындысы болмағандықтан, мектепке карантин енгізілмеген.

Бұл мектепте 2 175 бала білім алады, олардың үш жүзі мектеп дәрігерінің тексерісінен өткен.

Оқу ордасында 84 сынып бар. Бұл облыс орталығындағы ең үлкен мектеп.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel