RU
Малайзия экс-королі ұлы мен "Мәскеу аруын" көрмеу үшін 97 млн теңге төлеуге дайын

Малайзия экс-королі ұлы мен "Мәскеу аруын" көрмеу үшін 97 млн теңге төлеуге дайын

Рассказать Вконтакте

Малайзияның экс-королі Келантана Мухаммад V "Мисс Москва-2015" жеңімпазы Оксана Воеводинаға ұлдары Леон үшін 250 мың долларлық (97,2 млн теңге) сенім қорын құруды ұсынды. Мұның орнына елдің бұрынғы билеушісі бұдан былай ресейлік модель де, бала да оны мазаламауын талап еткен деп хабарлайды Daily Mail порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Британдық басылым инсайдері берген мәліметтерге сәйкес, Мухаммад V құрылған қордан ай сайын ұлына 1,5 мың доллар (583 мың теңге) төлеп отыруға ниетті.

Бұдан бөлек, баланың әкесі бұрынғы жұбайына 100 мың доллар (39 млн теңге) беруге уәде еткен.

Орнына Оксана Воеводинаға белгілі шарттары бар құжатқа қол қою ұсынылған.

Атап айтқанда, Оксананың міндетіне баланы сүннеттік мұсылман ретінде тәрбиелеу кіреді, ол үшін оны діни мектепке жіберу керек болған.

Одан бөлек, ол әлеуметтік желіде белсенділігін тоқтатып, аккаунты мен бұрынғы күйеуімен жарияланған суреттердің бәрін өшіруі тиіс.

Сондай-ақ, жас ана мен ұлының Келантанамен байланысуына тыйым салынған.

Алайда ресейлік ару бұл келісімге қол қоюдан бас тартыпты.

Айта кетск, бұған дейін король мен мисстің некесі бұзылғаны, Мухаммад V баланың өзінен екені сенімде еместігі хабарланған. Малайзияның бұрынғы басшысы әйелін көзіне шөп салған деп күдіктенеді.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel