RU
Абаев мемқызметкерлерге смартфондарды қайтару туралы пікір білдірді

Абаев мемқызметкерлерге смартфондарды қайтару туралы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс кезінде смартфон пайдалануға салынған тыйымды алып тастауға байланысты пікірін білдірді. Қазіргі уақытта мемлекеттік орган қызметкерлері жұмысқа келгенде гаджеттерін өткізуге міндетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Министр смартфон пайдалануға тыйым салынуы өзі үшін үлкен проблема тудырмағанын, алайда, жұмыс кезінде құрылғының жиі қажет болғанын жеткізді.

"Мемлекеттік қызметкерлерге смартфондарды қайтару туралы шешімді қолдаймын. Осы уақыт ішінде гаджетсіз қиналдым деп айта алмаймын, дегенмен, онымен жеңіл әрі ыңғайлы", – деді Абаев.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылдан бері мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында смартфон, планшет пайдалануға тыйым салынған.

Алайда, жақында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында смартфон пайдалануға қатысты тыйымды алып тастау жөніндегі бастама қазір мақұлдауда жатқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel