Выйти
RU

AliExpress-те "қара жұма" : Шопинг жайлы пайдалы ақпаратпен таныс болыңыз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

11 қарашада Қытайда "Бойдақтар күнін" атап өтеді - бұл мереке әсіресе жастар арасында танымал. 2009 жылы Alibaba Group жалғызбасты еркектерді бірден екі мәселеден: жалғыздықтан және азық-түлік сатып алу мақсатында дүкен аралау азабынан арылту үшін үлкен жеңілдіктермен жаппай сатылым ұйымдастыруға шешім қабылдады.

11.11. AliExpress-те "қара жұма" жайыда пайдалы ақпарат

Иллюстративное фото: pixabay.com

Уақыт өте келе, "қытайлық Қара жұма" бастапқы "Қара жұманы" да, атақты "кибер дүйсенбіні" де артта қалдырды. Қытайдағы үлкен жәрмеңке әлемдік ауқымдағы оқиғаға айналды.

11.11 қазақстандықтар үшін немен тартымды? Ең бастысы, Ali-де кез келген затты табуға болады: перделер, аяқ киім, ойын карталары мен париктерден бастап ақылды шаңсорғыштар, смартфондар, плазмалық теледидарлар мен автобөлшектерге дейін. Және мұның бәрі - 90%-ға дейін жететін жеңілдіктермен.

Бұл мақалада біз сізге Ali-де онлайн-шопинг жасау туралы барлық пайдалы ақпаратты жинауға тырысамыз.

Қалай өтеді?

Іс-шара екі кезеңге бөлінеді:

  • Дайындық: 28 қазан сағат 14: 00-де басталып, 11 қараша сағат 13:59-ға дейін өтеді (уақыт Нұр-Сұлтан бойынша көрсетілген). Осы кезеңде сатушылар алдағы науқанның жарнамасын іске қосады, тауарлар топтарына алдын ала жеңілдіктер қояды және жариялайды.

Осы ретте сіз сатып алатын тауарлардың тізімін жасап, барлық заттардың бағасын тексеріп, купондар мен жеңілдіктер туралы барынша ақпарат алып және ең маңыздысы - дүкенде оның жоқтығына алаңдамау үшін қажетті затты себетке алдын ала қосқаныңыз абзал.

  • Сатылым дайындық бөлімі аяқталғаннан кейін бір минут өткен соң басталады, себетке түскен нәрсенің барлығын тиімді бағамен алу үшін сізде тек 2 күн - 13 қараша сағат 13-59-ға дейін ғана уақыт бар.

Маңызды! Алаң әкімшілігі сатып алушыларды сату басталғаннан кейін алғашқы сағаттарда адамдардың ең үлкен толқыны орын алатынын алдын ала ескертеді. Бұл сайт баяу жұмыс істейді және купондармен төлем жасау, картамен төлем жасау және т.б. әрекеттер жасалғанда сайт қате көрсетуі мүмкін дегенді білдіреді.

Егер сіз осындай мәселеге тап болсаңыз - қорқатын ештеңе жоқ, деректерді бірнеше минуттан кейін жаңартып көріңіз - бәрі өз орнына келеді.

Aliexpress купондары қалай жұмыс істейді?

Ali-да қажетті тауарды арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін купондардың үш түрі бар:

  • AliExpress купондары: Мұндай купонды тіркеуден кейін бірінші сатып алу үшін әрбір пайдаланушы алады. Оларды шағын ойындарда және сату беттерінде алуға болады;
  • Дүкендердің купондары: Бұл купондар тек оларды беретін дүкендерде және көбінесе белгілі бір сомаға зат сатып алған кезде қолданылады. Мұндай купондарды алудың екінші жолы AliExpress купондық орталығы;
  • Ең кереметі - арнайы купондар: Олар кез келген басқа купондармен жиынтықтауға болатын жалғыз санат болып табылады. Науқан бетінде және AliExpress мобильдік қосымшасында беріледі.

Бұдан басқа, "монеталар" да бар - қарапайым әрекеттерден пайда алудың тағы бір жолы. Оларды себетке тауар қосқанда, мини-ойындар өткізгенде және ұялы қосымшадағы тапсырмаларды орындағанда береді. Монеталарды купондарға айырбастауға немесе тауардың ішінара құнын төлеуге болады.

AliExpress басты беті. Қандай беттер ең тиімді?

Алиэкспресс - жүздеген пайдалы беттері бар, тармақталған сайт. Бірақ олардың арасында бірнеше танымал және пайдалы беттер де бар:

  1. Ең алдымен, "жаңадан тіркелгендерге" бетіне кіруге кеңес береміз: Мұнда жаңа пайдаланушыға ұсыныс түрінде үш нұсқаның бірін таңдау ұсынылады: құны 0,01 доллар (3,90 теңге) құрайтын тауар , 2 доллар (779 теңге) жеңілдікке купон немесе бір тауарды эксклюзивті бағамен сатып алу мүмкіндігі.

2. "Достармен арзанырақ": Сізге достарыңызды тіркелуге шақырғаныңыз үшін тауарларға жақсы жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін сайттың жаңа функциясы. Шын мәнінде - рефералдық жүйе. Барлық туысқандарды тіркеу міндетті емес, бар болғаны Ali-де тауар сатып алуды ұнататын бір-екі досыңыз болуы керек.

3. Сатылымның басты беті: Науқандар мен жеңілдіктер туралы негізгі ақпарат көзі, сондай-ақ Aliexpress алгоритмі сіз үшін арнайы іріктелген тауарлар бойынша ұсыныстар дайындайды.

4. "Хит тауарлар", "Бестселлерлер", "Танымал брендтер", "Үлкен жеңілдіктер", "Жылдам жеткізу": Мұнда атаулардың өзі айтып тұрғандай - аяқасты сатылымдарды көруге болатын беттердің топтамасы, жылдам жеткізуі бар атақты брендтердің ұсыныстары, ең үлкен жеңілдіктері бар және ең көп сатылатын тауарлар. Жалпы алғанда - көптеген жағдайларға және кез келген қажеттіліктерге арналған ұсыныстар. Оның үстіне, әрбір бөлімде "арнайы сіз үшін" батырмасы бар - Ali сіздің не қалайтыныңызды біледі.

5. "Гифтбокстар немесе қораптағы сыйлықтар": Осы бөлімде сатып алынған тауарлар арнайы фирмалық сыйлық қорабына оралады - бұл сіз біреуге сыйлық сатып алсаңыз да, өзіңізді қуантуды жоспарласаңыз да мереке атмосферасын жасауға көмектеседі.

Бұдан басқа, NUR.KZ AliExpress-тегі сапалы және арзан тауарлар топтамасы жайында мақалалар шығарады. Олардың кейбірі төменде көрсетілген:

Енді барлық қажетті ақпаратты қолданып, сіз алдағы сатылымда да, кез келген басқа күні де тауарды шын мәнінде тиімді бағаға сатып ала аласыз. Сізге сәттілік тілейміз және жаңартуларды бақылаңыз!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
AliExpress-те "қара жұма" : Шопинг жайлы пайдалы ақпаратпен таныс болыңыз