RU
Түркістан әкімі резеңке етік киіп, үйлердің жертөлесін аралап шықты (фото)

Түркістан әкімі резеңке етік киіп, үйлердің жертөлесін аралап шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Еліміздің рухани астанасының әкімі Рашид Аюпов түнгі мезгілде қаладағы проблемалық учаскелерді аралап шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ол аяғына резеңке етік киіп, көмекшілерімен және коммуналдық қызметкерлермен бірге, қаладағы үйлердің жылыту жүйесі қалай жұмыс істейтінін тексеріп қайтқан.

NUR.KZ тілшісінің мәліметінше, әкім үйлердің жертөлесін де аралап шыққан. Тұрғындардың айтуынша, жертөлелердің жағдайына қала басшысының көңілі толмаған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Қала әкімі үйдің жертөлесінде жылыту жүйесін тексеріп жатыр дегенді естіп, таңғалдым. Түсіп қарасам, өзі екен. Оған шешімін таппай жүрген мәселелер жайлы айттым. Жұмысты реттеуге уәде берді. Қазір бүкіл қала жаңаша өмір сүре бастады. Міне, осылай шенеуніктердің халықтың қандай жағдайда тұрып жатқанын біліп, көріп жатқанын байқап, әділеттікке сене бастайсың", – дейді тұрғындардың бірі.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қала басшысы жертөлелерді тексерумен ғана шектелмеген. Ол сондай-ақ көпқабатты үйлердің шатырдағы жайларын көріп шықты. Тексеріс нәтижесі бойынша, тұрғындармен бірге жаппай сенбілік өткізуді және үйлердің шатырлары мен жертөлелерінде жөндеу жұмыстарын бастауды тапсырды.

NUR.KZ тілшісі Түркістан әкімімен телефон арқылы байланысып, сұхбаттасқан болатын. Өз сөзінде, Аюпов қарапайым тексеріс жүргізілгенін, бұл жерде таңғаларлық ештеңе жоқ екенін атап өткен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Тексеріс кезінде көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысып, жылыту жүйесінің қалай жұмыс істеп жатқанын біліп қайттық. Жаппай сенбілік өткізуге, шатырдағы жайлар мен жертөлелерді қоқыстан тазартуға тапсырма бердім.
Әкімдіктің ресми аккаунтына шағымдар келіп түсті, мәселелердің басым бөлігі жылыту жүйесіне байланысты. Сол себепті өз көзімізбен көріп шығуды шештік.
Бұл жерде таңғалатын ештеңе көріп тұрған жоқпын. Керісінше, бұндай тексерістерді енді жиі жасап тұрамын. Шын мәнінде, проблемалар көп, оларды қалдыруға болмайды. Жұмыстан кейін бос уақыт болғанда, осындай учаскелерді қарап, тексеріп жүремін", – деді Рашид Аюпов.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel