RU
Қызметтік көліктен бас тартқан Әбдірахымов бюджеттен 568 мың теңге үнемдеген (видео)

Қызметтік көліктен бас тартқан Әбдірахымов бюджеттен 568 мың теңге үнемдеген (видео)

Рассказать Вконтакте

Қалалық автобустың пайдасына қызметтік көліктен бас тартқан Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бюджеттен 568 710 теңге үнемдеген. Бұл туралы BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: baigenews.kz

Фото: baigenews.kz

Әбдірахымов 2017 жылы қала басшысы қызметінде жүргенде бір ай бойы өзі мен қарамағындағыларға қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салды.

Оның орнына экс-әкім қоғамдық көлікке мінуді, үнемделген ақшаны орта және қатарғы буындағы қызметкерлерге сыйақы ретінде беруді тапсырды. Кейіннен қала тұрғындары бұрынғы әкімнің адамға лық толы автобусқа мінгеніне куәгер болды.

Содан бері екі жыл өтіп, шаһар басшысы ауысқанымен, қала тұрғындары Әбдірахымовтың акциясын ұмытқан жоқ.

Шымкенттің жаңа басшысы Ерлан Айтахановтың блогында Дастан Исламбек есімді азамат қызметтік көліктен бас тарту нәтижесінде қанша ақша үнемделгенін сұрады.

"2017 жылы Шымкент әкімі өз қарамағындағыларға бір ай бойы қызметтік көліктен бас тартып, жұмысқа қоғамдық көлікпен келуді тапсырды. Акцияның мақсаты қоғамдық көлік жұмысындағы кемшіліктер мен құқықбұзушылықтарды анықтау мен жою болды. Қызметкерлер қызметтік көлікті пайдаланбаған уақытта 568 710 теңге үнемделді", - деп жауап берді Айтаханов.

Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінен осы жылдың 30 шілдесінде босатылды.

Президент әкімшілігінің экс-басшысы Қрымбек Көшербаев оның "саяси сенімді ақтамағанын" айтты.

Ал қыркүйек айында Ғабидолла Әбдірахымов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel