RU
Ғалымдар кофенің ел білмеген пайдасын анықтады

Ғалымдар кофенің ел білмеген пайдасын анықтады

Рассказать Вконтакте

Тұрақты түрде кофе ішетін адамдарда бауыр қатерлі ісігінің ең кең тараған түрі – гепатоцеллярлы карциноманың даму қаупі шамамен 50 пайызға төмендейді. Солтүсітк Ирландияның Белфаст қаласы Квинс университетінің ғалымдары осындай шешімге келді деп хабарлайды "Российская газета"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Мамандар британиялық биобанк ұсынған 472 мыңға жуық адамның денсаулық жағдайы туралы деректеріне жеті жарым жыл бойы сараптама жүргізген.

Осы уақыт аралығында 3,5 мыңнан астам адам ас қорыту жүйесінің қатерлі ісігіне шалдыққан, 88-і гепатоцеллярлы карциномаға ұшыраған.

Зерттеу авторлары көптеген сыртқы факторлар ескерілгеннен кейін, дерттің даму қаупіне кофенің оң әсері тіркелгенін жеткізді.

Мысалы, сергітетін сусынға әуестенетіндердің басым бөлігі үлкен жастағы ер адамдар болып шыққан. Олар барынша темекі шегуге, алкоголь ішуге бейім болған.

Сондай-ақ олардың ағзасында холестерин мөлшері жоғары екені анықталған. Дегенмен, бұл санаттағылар диабет, бауыр циррозы секілді созылмалы ауруларға сирек шалдыққан.

Алайда, кофенің қатерлі ісіктің даму қаупін нақты қандай жолмен төмендететіні әзірге белгісіз. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұған сусынның құрамындағы антиоксиданттардың әсері болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel