RU
Петропавлда ер адам терең шұңқырға құлап, көз жұмды

Петропавлда ер адам терең шұңқырға құлап, көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Петропавлда ер адам жазатайым оқиғадан ажал құшты. Ол жылу құбырын жөндеу үшін қазылған терең траншеяға құлап, көз жұмған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Агенттіктің мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған. 35 жастағы ер адам терең шұңқырды байқамай құлап кеткен. Ол жерден шыға алмай, ішіндегі суға тұншығып қалған.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Олар бұл істің тексеріліп жатқанын, барлық мәлімет, атап айтқанда, жылу жолы қоршалған-қоршалмағаны анықталып жатқанын жеткізді.

"Петропавлда Крепостная көшесі, 152 мекен жайындағы үйге қарама-қарсы жылу жолының жанынан ер адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", – деді баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.

Алдын ала болжамға сәйкес, 1984 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны жазатайым оқиғадан қайтыс болды деген қорытынды жасалып отыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel