RU

Бішкектегі жарылыстан бір адам қаза болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бішкек орталығында болған жарылыстан бір адам қаза тапты деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қырғызстан.

Фото: Sputnik / Жоомарт Ураимов

Фото: Sputnik / Жоомарт Ураимов

Агенттіктің мәліметінше қаза болған адам кафе қызметкері. Ол оқиға орнында көз жұмған.

Төтенше жағдайдан жалпы 12 адам зардап шеккен. Олардың 7-і бала.

Қызыл жалын жергілікті уақытпен 14:08-де ауыздықталған, қазір қирандыларды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 8 қарашада Бішкекте бірнеше жарылыс болып, соңы өртке ұласқаны хабарланған еді.

Алдын-ала деректерге сәйкес, төтенше жағдайға газ балонының жарылуы себеп болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бішкектегі жарылыстан бір адам қаза болды
Mailfire view pixel