RU
18 жастағы ару өзіне "Тальго" жолаушысының қол жүгірткенін айтып, арызданды

18 жастағы ару өзіне "Тальго" жолаушысының қол жүгірткенін айтып, арызданды

Рассказать Вконтакте

"Тұлпар-Тальго" пойызында тағы бір шу шықты. Бұл жолы 18 жастағы қыз өзіне жолаушы ер адамның қол жүгірткенін айтып, шағымданған. Аталған оқиға жайында "НеМолчи" қоры өзінің Facebook парақшасында жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: NUR.KZ

Иллюстрациялық фото: NUR.KZ

Қордың жазуынша, оқиға орын алған кезде студент ару енді ғана 18 жасқа толған. Биыл 2 қыркүйекте ол ағасымен бірге "Тұлпар-Тальго" пойызымен Петропавл – Алматы бағытында келе жатқан.

Ағасы Қарағандыдан түсіп қалған, ал қарындасы Алматыға қарай сапарын жалғастырған. Ол оңтүстік астанадағы университтердің бірінде оқитын. Түнгі 23:50-де купеге шамамен 60 жастағы жолаушы кірген. Купеде басқа ешкім болмаған.

"Жас қыз ұйықтап жатқан кезде киімінің сыртынан біреудің қолымен сипалағанын сезген. Қалың ұйқыда болғандықтан, не болып жатқанын бірден түсінбеген. Сол сәтте купеге жолсерік кіріп, жолаушыға бірдеңе берген, сөйтіп есік қайта жабылған. Біршама уақыт өткен соң қыз қайтадан біреудің оны қолымен сипалап жатқанын сезген. Ол бірден орнынан тұрып, жарықты қосқан. Сол сәтте өзіне қарама-қарсы бетте әлгі жолаушының іш киіммен отырғанын көрген. Купеден атып шығып, жолсерікті шақырған.
Бойжеткен одан өзін басқа орынға ауыстыруын сұрапты. Орнын ауыстырғаннан кейін ағасына қоғырау шалып, болған жайды айтып берген. Ағасы дереу телефонды жолсерікке беруін сұрап, одан полиция шақыруын талап еткен", – делінген "НеМолчи" қоры жариялаған постта.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, 2019 жылы 3 қыркүйекте аталған факті бойынша ҚК-нің 121-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"2 қарашада "Қарағанды-Сұрыптау" стансасындағы желілік полиция бөлімі қылмыс құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қысқарту туралы шешім қабылдаған.
8 қарашада Жезқазған көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау органы шығарған шешімнің күшін жойып, істің барлық мән-жайын толық және объективті түрде қамтамасыз ету үшін нұсқау беріп, қосымша тергеуге қайтарды", – делінген бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің тергеу барысы аталған ведомствоның бақылауында.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel