RU
Алматылық "диджей" әжей енді өзге өңірлерге гастрольдік сапармен шықпақшы (фото)

Алматылық "диджей" әжей енді өзге өңірлерге гастрольдік сапармен шықпақшы (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда жұрттың көңілін заманауи әнмен көтеріп, танымал болған 65 жастағы "диджей" әжей басқа өңірлерге гастрольдік сапармен шықпақшы деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұдан екі апта бұрын қаладағы Арбат алаңына жиналған жұрттың назарын өзіне аударған "диджей" әжейге бүгінде қаладағы түнгі клубтар мен қымбат мейрамхана басшыларынан ұсыныстар түсе бастаған.

Бір аптада төрт-бес мекемені аралап, жұртты заманауи әндермен билеткен зейнеткер қазіргі өмірім өзіме ұнайды дейді.

А.К.А "Kempir" лақап атымен танылған әжей алдағы жоспарымен де бөлісті.

"Қазір Қазақстан бойынша турға дайындалып жатырмыз. Қазақстаның клубтарын көріп, аралап, жастарын көріп қандай екенін. Өйткені сұраныстар болып жатыр", - дейді А.К.А "Kempir".

Көпшілікті өнерімен тәнті еткен әжейдің алдағы жоспары осы. Тіпті хип-хоп биінің үйірмесіне де жазылып қойған.

Киімдерін де кең балақты, түрлі-түсті заманауи киімдермен де ауыстырып жатыр. 

Ә. Лесбек

Сіздің реакцияңыз
8
1
4
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel