RU
Талдықорғанда такси жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған жігіттер ұсталды

Талдықорғанда такси жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған жігіттер ұсталды

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда такси жүргізушісінің тамағын пышақпен осып жіберген қаскөйлер ұсталды. Олар бұл іске "Ауди-100" автокөлігін ұрлау мақсатында барған деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Телеарнаның мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған.

Екі жігіт дәмхана маңындағы таксилердің біріне отырған. Қала шетіне жете бергенде көлікті тоқтатуды талап еткен. Сол кезде біреуі қалтасынан пышақ шығарып, жүргізушінің тамағынан осып жіберген.

Абырой болғанда, күре тамырға зақым тимеген, 23 жастағы такси жүргізушісі аман қалды. Тәртіп сақшылары көлікке бола кісі өлтіруден тайынбағандарды ізін суытпай қолға түсірді.

Екеуінің де жасы 18-де. Жас жігіттер көлікті бөлшектеп сатпақ болғандарын айтады.

"Екі пышақтың біреуі оқиға орнынан табылса, біреуі күдіктілердің қалтасынан шықты. Екі күдікті де 2001-ші жылы туған. Сарқан ауданынан шыққан азаматтар. Оның бірі бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Дереккөз: КТК арнасы

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel