RU
Головкин-Деревянченко кездесуі жылдың ең үздік жекпе-жектерінің бірі атанды

Головкин-Деревянченко кездесуі жылдың ең үздік жекпе-жектерінің бірі атанды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқан титулдық жекпе-жегі осы жылдың ең үздік жекпе-жектерінің бірі атанды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мұндай пікірді әлемдік The Ring порталының бас редакторы Дуглас Фишер ұсынды.

2019 жылдың ең үздік жекпе-жектерінің қатарына Фишер жапондық Наоя Иноуэ мен филиппиндік Нонито Донэйер кезедсуін, сонымен қатар, америкалық боксшылар Джарретт Уильямс пен Джулиан Херд арасындағы жекпе-жекті қосқан.

Бұл тізімге шотландиялық боксшы Реджис Прогрейс пен америкалық Джош Тейлордың рингтегі жұдырықтасуы да кіріпті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel