RU
Түркіменстанда түрмеде отырып шыққан гейлерді "әңгімелесуге" шақыруда

Түркіменстанда түрмеде отырып шыққан гейлерді "әңгімелесуге" шақыруда

Рассказать Вконтакте

Түркіменстанның құқық қорғау органдары "қызтекелік" (Түркіменстан қылмыстық кодексінің 135-бабы) үшін түрмеде отырып шыққандар мен гейлерді "әңгімелесуге" шақырып жатыр деп жазады Centralasian.org.

Түркіменстан

Қасымберді Гараев. Фото: видеодан алынған кадр

"Гомосексуал екені мәлім болған тұрғындарды әңгімелесуге шақырып жатыр. "Ерекше" болғаны үшін әскер қатарына алынбағандарды да шақыртқан. Бұған қоса, қызтекелік үшін түрмеде отырып шыққандарды әңгімелесуге шақырды", - деп хабарлады Азатлык радиосының тілшісі.

Биліктің мұндай қадамға баруына гей-дәрігерге қатысты жанжал түрткі болыпты.

5 қарашада Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ішкі істер министрі Яйлым Бердиевке қатаң сөгіс жариялады.

Үкіметтегі дереккөздің мәліметінше, президент гей-дәрігер төңірегіндегі жанжалдың шетел баспасөзінде жарияланғанына наразы болған. Шу тудырған жігіттің президент секілді дәрігер болып істейтіні Бердімұхамедовтің ашуын туғызған.

Түркіменстандағы кардиолог дәрігер Қасымберды Гараев биыл қазан айында гомосексуал екенін ашық жариялаған. Одан соң ол жоғалып кетті.

Кейіннен Гараевтың "жоғалған" уақытында үйінде болғаны анықталды. 24 қазаннан 6 қарашаға дейін байланысқа шықпаған ол осы уақыт аралығында үйде жүргенін, БАҚ-тың өзі жайлы жазған мәліметтері жалған екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
6
1
3
3
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel