RU
Алматы облысында жас жігіт ағасымен ұрысқаннан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Алматы облысында жас жігіт ағасымен ұрысқаннан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамды полиция құтқарып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Оқиға Алматы облысында 7 қарашада орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында жас жігіт ағасымен ұрысқаннан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Видеодан алынған кадрлар

Оқиға орнында болған куәгерлер видеомен бөлісті. Видео инстаграм желісіндегі kris_p_forever тобында жарияланған болатын.

Видео авторының жазуынша, оқиға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 7 қараша күні таңертеңгі уақытта болған.

«Ол жігіт секіргісі келген, бірақ шақырылған полиция дереу әрекет етті! Керемет!», - деген жазба жарияланған.

Tengrinews.kz хабарлауынша, оқиға Қарасай ауданында болған.

20 жастағы жігіт мас күйінде үлкен ағасымен ұрысып, өз өмірін қош айтысқысы келген. Ол бесінші қабаттағы балконның үстіне көтеріліп үлгергенде, тәртіп сақшылары тез арада жігіттің туыстарымен бірге оны балконға сүйреп апарып, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Екі ағайынды полицияға түсініктеме берді. Әрқайсысымен жеке әңгіме болды.

Еске сала кетейік, KAZ.NUR.KZ бірнеше күн бұрын Қарағандыда осындай оқиға болғанын хабарлады: отбасылық жанжалдан кейін бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болып, тоғыз қабатты үйдің төбесіне көтерілген. Алайда, жас қыз дереу арада полиция шақырған көршісінің арқасында аман қалды.

Қызды шатырдан түсіру екі полиция қызметкерінің қолынан келді.

Екі күннен соң, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ержүрек полицейлерге медаль табыс еткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
2
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel