RU
18+: Әйелдер төсектен неге бас тартады

18+: Әйелдер төсектен неге бас тартады

Рассказать Вконтакте

Ыстық махаббатпен үйленген жұптар бір жыл өтер-өтпес айырылысып жатады. Ресми деректерге сүйенсек, әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады. Ері мен әйелінің екі жаққа кетуінің сыры ақшада да, үйде де, мінездің жараспауында да болмауы мүмкін. Бір-бірін төсекте қанағаттандыра алмаған жастардың жылуды сырттан іздейдітн сәттері аз емес деп жазады Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік танымал психолог Андрей Зберовский бірнеше ер адамның арасында сауалнама жүргізіп, олардың әйеліне неліктен опасыздық жасайтынын анықтаған. Маманның сөзінше, мұның нақты жеті себебі бар.

Сексуалды қызығушылық деңгейінің төмен болуы

Әйелдердің 10% жыныстық қатынасқа мүлдем қызықпайды. Олар қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде сексуалдылық тұрғыдан белсенді болса, уақыт өте келе қызығушылықтары сөніп қалады.

Бала босанғаннан кейінгі кезең

Көптеген әйелдер бала туып бердім, өзімнің міндетімді орындадым деп ойлап, жыныстық қатынасқа түсуді азайтып тастайды.

Әйелдің өз физиологиясын білмеуі

Әйелдер кейбірі отбасында сексуалды сауаттылық деңгейінің төмен екенін білсе де, оны көтеру керек деп есептемейді. Қысылып-қымтырылу түнгі өмірде сізге ләззат сыламайды.

Әйелдің күйеуінен көңілі қалуы

Әйелдер үнемі ер адамнан жақсы жаққа қарай өзгерісті күтеді. Отбасындағы ұрыс, материалдық проблемалар салдарынан кейбір ханымдар ер азаматтарына жолағысы келмей жатады.

Күйеуі тарапынан әйелдің қатты сын естуі

Ер адамдар әйелінің сырт-келбетіне, кемшіліктеріне қатысты сын айтса, келіншектер оны қорлау деп түсінеді.

Сексуалды ереуіл

Әйелдер қауымы көп жағдайда сексті бопсалау құралы ретінде пайдаланады.

Интимді өмір үшін қолайсыз өмір сүру жағдайы

Үйдегі жайлылық, ата-анадан бөлек тұру, қаржылық тұрақтылық - секс үшін гормондар мен құштарлыққа қарағанда маңыздырақ.

Сіздің реакцияңыз
13
2
1
0
5
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel