RU
"Қазақта болған жоқ": Этнограф қазіргі сүндет тойдың даңғазалық екенін айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Қазақта болған жоқ": Этнограф қазіргі сүндет тойдың даңғазалық екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгінде баланың сүндет тойын дүркіретіп атап өту сәнге айналған. Алайда елімізге белгілі этнографтар мұның даңғазалық екен, отбасы ішінде аталып өтетінін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Этнограф Досымбек Қатранның айтуынша, қазақ халқы сүндет тойды дүбірлетіп тойламаған. Ондай салт араб елдерінде болған. Оны тарихи деректер де растайды.

"Мысалы, Мысырға барған Бейбарыс сұлтан уәзірлері мен сарбаздарының балаларын бір күнде сүндетке отырғызып, ұлан-асыр той жасаған дейді. Ол XIII ғасырда болған. Бірақ ол бізге тән дүние емес. Әрине, баланың мұсылмандық парызын орындап жатқаны – үлкен қуаныш. Дегенмен, соншалықты дүркіретіп өткізген даңғазалық, мақтаншақтық деп есептеймін", - деді Қатран.

Маманның сөзінше, сүндет той – жақын ағайынның ішінде атқарылатын шаруа. Бір атаның балалары арасында атап өтсе де болады. Оны атқа мінгізу салтымен қоса өткізеді.

"Біздің салтымызда ол "жарты мүшел" болып саналады. Сондықтан баланың жеті жасында атқа қонып, шаруаға араласқанын қоса атап өтетін. Сүндет той мен атқа мінгізудің қатар жүретіні де сол. Атам қазақ екеуін үндестіре білген ғой. Яғни, 7 жасқа дейін бала ойын баласы, одан кейін үйдің шаруасына араласқан.
Ал жаңағыдай дабырлатып тойлау қазақта болған жоқ. Енді, үлкен той жасау түріктерде, күрдтерде, кавказдықтарда болған. Ондайда баланы көлікке отырғызып, сүндет тойын дүбірлетіп өткізген", - деп түсіндірді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel