Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда түнгі клубтан өрт шықты (фото)

Опубликовано:

Бүгін түнде Қазақстан астанасында көңіл көтеретін лоорындардың бірінен өрт шықты. Қызыл жалын аса үлкен аймақты қамтымаса да адамдар эвакуацияланған деп хабарлайды ТЖ департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ІІМ ТЖК
Фото: ІІМ ТЖК: UGC

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, өртке қарсы қызметке қоңырау түн ортасында, сағат 00.20-да түскен. Майлин көшесінде орналасқан "Good bar" түнгі клубы өртенген.

Өрт сөндірушілер қоңырау түскен соң, алты минутта барған. Оқиға орнына жеткен олар екінші қабатта орналасқан электр сымдары өртенгенін анықтаған.

Өртке қарсы қызметтегілер жалынды өшіруге бірден кірісіп, сонымен бірге түнгі клуб келушілерін эвакуациялаған. Оқиға орнын тәртіп сақшылары қоршауға алған. Өрттен сегіз адамды аман алып қалғандары туралы хабарлануда.

Қызыл жалын сегіз минуттың ішінде толықтай сөндірілген. Осы уақыт аралығында өрт бар-жоғы 0,5 шаршы метрге жайылып үлгерген.

Фото: ІІМ ТЖК
Фото: ІІМ ТЖК: UGC

Белгілі болғандай, өрттен кейін екі адам зардап шеккен. Оларға медицина мамандары шүғыл көмек көрсетті. Жапа шеккендер үйлеріне жіберілген.

Сондай-ақ, өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 17 адам жәнебес өрт сөндіретін көлік жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1826473-nr-sltanda-tngi-klubtan-rt-sykty-foto/

pixel