RU
Елордада кабельден өрт шығып, бірнеше үй жарықсыз қалды

Елордада кабельден өрт шығып, бірнеше үй жарықсыз қалды

Рассказать Вконтакте

Елордадағы «Левобережная» 110/10 кВ шағын станциясының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель линиясы зақымданды. Салдарынан сол жағалаудағы кейбір тұрғын үйлер жарықсыз отыр деп хабарлайды «Астана АРЭК» компаниясына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

«10 қарашада түнгі сағат 02.04-те аталмыш станциядан қосылған нысандардың электрмен жабдықтау линиялары апат салдарынан ағытыла бастады. Осы кабель линияларына қосылған тұтынушылар өрт сөндіру бригадаларының электр тоғы соғуын болдырмас үшін электрмен қамтудан ажыратылды.

Апат салдарын жою бригадалары құрамында, 15 адам және 6 арнайы техника, қажетті жабдықтарымен шұғыл түрде жұмысқа кірісті. 5 жедел-көшпелі бригадалар нысандарды қайта қосумен айналысуда. Қолда бар барлық мобильді дизель-генераторлар іске қосылды. Кабель желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, нақты қай үйлерде жарық жоқ екені анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel