RU
Билет бағасына ренішін білдірген Айқын көптің сынына ұшырады

Билет бағасына ренішін білдірген Айқын көптің сынына ұшырады

Рассказать Вконтакте

Күні кеше бизнес класспен Ақтау қаласына ұшып барған өнер иесіне, аталмыш классқа сай қызмет пен жайлы орын ұсынылмаған. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram парақшасында пост жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Air Astana бізді тағы да тақырға отырғызды! Билеттерді бизнес-класс ретінде 139 000 теңгеге сатты. Ал, орындықтар мен жайлылық (тамақтанудан басқа) эконом кластыкіндей. (49 000 тг.) Ешкімге ештеңе дәлелдей алмайсың.

Бұл лотерея сияқты. Қандай ұшақ бұйырады, сонымен ұшасың. Өйткені әр ұшақта әртүрлі орындықтар бар. Менің ойымша, жайлылықты жасай алмағаны үшін белгілі бір соманы қайтару жүйесін ойластыру керек. Әйтсе де, оларға бәрібір", – деді әнші.

Айқынның бұл жазбасы көптен қолдау таппады. Оқырмандары оны аямай сынап тастаған.

"Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді", "Сенің мәселеңді маған берсе ғой", "Жылайтын сен бе?", "Оданда эконом билет сатып ал", " Менің айлығым 140 000", "Қиын болған екен. Адамдар автобуспен 48 сағат бойы селкілдеп барады", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
17
2
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel