RU
БАҚ: Қазақстандағы түнгі клубта шешен полициясының экс-басшысын ұрып кетті

БАҚ: Қазақстандағы түнгі клубта шешен полициясының экс-басшысын ұрып кетті

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Шешенстан ІІМ Аргун қалалық департаментінің экс-басшысы Аюб Катаевтың түнгі клуб маңында соққы алған видеосы пайда болды. Бұл туралы Zamanho сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға орны. Видеодан кадр. Аюб Катев. Фото: миамир.рф

Оқиға орны. Видеодан кадр. Аюб Катев. Фото: миамир.рф

Портал ақпаратына сәйкес, оқиға қазақстандық түнгі клубтардың бірінде болған. Бұл сәт сырттағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Кадрлардан екі азаматтың арасында жанжал туындағынын аңғаруға болады. Олардың бірі, болжам бойынша, шешен полициясының бұрынғы басшысы.

Нәтижесінде Аюб Катаевқа ұқсаған азамат қарсыласын итеріп жібереді. Артынша өзі ауыр соққы алып, "ұшып" түседі. Кейіннен текетіреске бір ер азамат пен әйел адам кірісіп, келіншек полицейдің қарсыласын сабасына түсіреді.

Ал BAZA Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға 3 қараша күні Қазақстанда емес, Мәскеу қаласында болған. Куәгер басылымға Катаевтың екі азаматпен ерегісіп, біреуін итеріп жібергенін айтып берген. Артынша оның өзі жағынан соққы алып, құлап түскен.

BAZA мәліметіне сәйкес, бұрынғы тәртіп сақшысы құқық қорғау органдарына арыз жазған. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылар анықталуда.

Хабарламада айтылғандай, Аюб Катаев құпия шешен түрмесінде гейлерді азаптады деп айыпталған.

Сондай-ақ, Zamanho экс-полицей өз нұсқауы бойынша жергілікті тұрғындарды ұрлау және азаптау туралы деректерді жойғаны үшін Аргундағы бөлім басшысы қызметінен қуылғанын мәлімдеді.

Екі жыл бұрын ол АҚШ-тың санкциялық тізіміне адам құқығына заңсыз қол сұғуға, азаптауға және басқа да қол сұғушылыққа қатысты тұлға ретінде ілінген.

Назар аударыңыз! Бейнежазбада қатігездік пен зорлық-зомбылық көріністері бар және видеоны кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге және психикасы тұрақсыз адамдарға қарауға ұсынылмайды!

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel