Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласындағы жұмыссыз адамдар грант ала алады

Опубликовано:

Жұмыссыз алматылықтар бірнеше жүз мың теңге көлеміндегі мемлекеттік ақшалай грантты ала алады. "Еңбек" бағдарламасы аясында осындай мүмкіндік бар деп "Алматы" телеарнасы хабарлайды.

қаласындағы жұмыссыз адамдар грант ала алады

"Еңбек" бағдарламасының қысқа мерзімді курстарын бітірген немесе "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен қатысушылар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.

Мемлекеттік гранттар 100 АЕК мөлшеріне дейін беріледі.

Ал аз қамтылған және көп балалы отбасылар, еңбекке жарамды мүгедектер мен 29 жасқа дейінгі жастар үшін 200 АЕК көлемінде беріледі.

"Гранттар "Еңбек" бағдарламасы арқылы қысқа мерзімді оқытудан өткен тұлғаларға беріледі. Бұл бір айдан үш айға дейін созылады. Олар кәсіби дағдыларды, және жаңа мамандық ала алады. Бұл гранттар өз бизнесін жүзеге асыру үшін беріледі. Олар бұл ақша қаражатына не сатып алады? Олар осы ақшаны тек өз бизнесін жабдықтау үшін пайдалана алады", - дейді Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Атайбекова.

Көп балалы ана Қалдыкүл қазір шаштараз курсында оқып жатыр, сосын грант алғысы келеді.

"Екі ай ішінде мен бәрін оқыдым, алдымызда емтихандар мен тесттер бар. Мен өте жақсы өтемін деп үміттенемін. Осы грантты ұтып аламын деп те үміттенемін. Мен көп балалы анамын, жұмыссызбын. Мен грантқа құжаттар бердім. Бұл ақшаға өз бизнесімді ашқым келеді", - дейді Қалдыкүл Базаргелдиева.

Қысқа мерзімді курстар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға жұмысқа орналасуға немесе өз ісін бастауға көмектеседі.

Тінімбаева Оразгүл жұмыссыздан табысты бизнесвуменге дейін жол жүріп өтті, Жұмыспен қамту орталығына хабарласқан Оразгүл, "Шаштараз" мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстарға жолдама алады, оны оқып алғаннан кейін 100 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алып, жеке салон ашты, ал "Нұрдиана" оқу орталығынан кейін қазіргі уақытта шеберлерді маникюр мен шаштараз бойынша оқытады.

"Мен жұмыспен қамту орталығына келдім, маған шаштараз курсына жолдама берді. Мен онда үш ай оқыдым, оқуды аяқтағаннан кейін грантқа құжаттарымды ұсындым. Мен оны бір жылдан кейін алдым және өз салонымды аштым", - дейді Оразгүл Тімінбаева.

Жаңа кәсіпті оқып, өз бизнес-идеяларын іске асырғысы келетін адамдар Қалалық жұмыспен қамту орталығына, мына мекен-жай бойынша хабарласа алады: Назарбаев даңғылы, 50.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826545-almaty-kalasyndagy-zmyssyz-adamdar-grant-ala-alady/

pixel