RU
Түркіменстанда халық азық-түлік алу үшін түнгі екіден кезекке тұруда (фото)

Түркіменстанда халық азық-түлік алу үшін түнгі екіден кезекке тұруда (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркіменстанның мемлекеттік дүкендерінде негізгі азық-түліктің жетіспеушілігі әлі де байқалуда. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: hronikatm.com

Фото: hronikatm.com

Соңғы төрт күнде ашхабадтық "Гарагум", "Элван" және тағы басқа дүкендерде жергілікті өндірістегі ұнның 1-сұрпы сатылмайтын болды.

Азық-түлікті уақытылы жеткізбеу халық арасында мемлекеттік дүкендерде бағалардың көтерілуі туралы сыбыстың таралуына себепкер болып отыр.

Бұл жетіспеушілік пен кезекке қатысты мәселені одан сайын тереңдетіп жатыр. Өйткені, адамдар барлығын көп мөлшерде сатып алуға тырысып қалуда.

Ал көптеген жұмыссыздар осы тұста ақша тауып алғысы келеді. Мысалы, мемлекеттік сауда дүкенінен кезек алып үлгеру үшін түнгі 2- де келу керек.

Сонда таңғы 6-да сатылым басталған уақытта олар 7 манатқа 15 жұмыртқа сатып ала алады.

Артынша оны 10 манаттан сатады. Дәл осылай май мен ұннан, темекіден ақша табуға тырсады.

Тауардың жетіспеушілігі тек мемлекеттік дүкендерде ғана байқалады. Ал жекеменшік сауда нүктелерінде бұл азық-түліктер әрқашан бар. Алайда ол жерде баға екі-үш есе жоғары.

Сіздің реакцияңыз
5
4
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel