Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы жарықтың сөнуі: Тоқаев арнайы комиссия құруды тапсырды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/instagram.com/akimat_nur_sultan. Коллаж KAZ.NUR.KZ
Фото: NUR.KZ/instagram.com/akimat_nur_sultan. Коллаж KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Берік Уәлидің сөзінше, комиссияға вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді.

"Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті", - деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда жексенбі күні кей аудандарда жарық өшіп, әкімшілік ғимараттар мен кеңселер, тұрғын үйлер, ойын-сауық орталықтары жарықсыз қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826584-nr-sltandagy-zarykty-snui-tokaev-arnajy-komissia-krudy-tapsyrdy/

pixel