RU
Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел адам көз жұмды

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел адам көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Күйеуі өртеп жіберген соң ауруханаға түскен Нұр-Сұлтан тұрғыны травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мекеменің баспасөз қызметі зардап шегушінің 10 қараша күні күндіз көз жұмғанын хабарлады.

Марқұмның денесінің 75 пайызын термиялық күйік шалған. Мекеме толық ақпаратты кейінірек таратуға уәде берді.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД редакция жолдаған сауалға істің "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатқанын, күдіктінің уақытша ұстау изоляторында отырғанын айтты.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген.

Дәрігерлер келіншектің жағдайы ауыр екенін, денесінің 75 пайызын күйік шалғанын хабарлаған болатын.

Болжам бойынша, ер адам мұндай қадамға қызғаныштан барған болуы мүмкін. Куәгерлер күдіктінің әйелін де, өзін де өртеймін деп қорқытқанын айтқан.

Ер адам істеген әрекетін мойындаған. Отбасылық жұптың 5 баласы болған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel