RU
Қарағандыда ұстаздарды құттықтады

Қарағандыда ұстаздарды құттықтады

Рассказать Вконтакте

Ұстаздың еңбегі кашанда аса асыл, жасампаз әрі баға жетпес құндылық болып саналады. Мұғалімдер бала кезімізден бастап, бізді білім әлеміне ертіп, тұлға ретінде қалыптастырады. Оған қоса, олар өз тәлімгерлерімен тәжірибесі мен жан жылылуғымен бөліседі. Бүгінде ұстаздар қоғамдық өмірдің қақ ортасында болуды жалғастырып, оқытудың жаңа бағдарламалары мен балалармен жұмыс істеудің заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын меңгере, ғылыми жобаларды іске асыруда.

Фото: Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі

Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі "ұстаздар күні" қарсаңында - 2019 жылдың екінші қазанында Достық Үйінің концерттік залында Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара мен "Жас мұғалім - 2019" қалалық байқауының финалы болып өтті.

Аталмыш шараға педагогикалық еңбек ардагерлері, Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарының жетекшілері, өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беру ісінде жоғарғы нәтиже көрсеткен пән мұғалімдері, жас мамандар, Қазыбек би мен Октябрь аудандарындағы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

«Әрқайсымыздың өмірімізде орны бөлек ұстаздың бары анық. Ол өз данагөйлығымен, жан жомарттығымен, терең білімімен бізге өзіміздің ішкі әлемімізді танып біліп, оны одан бетер байытуға көмектесіп, болашақты құруды үйретті. Педагог, ұстаз, жетекші қоғам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыруда қарағандылық ұстаздардың да үлесі зор" , - деді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров өз құттықтауында. Шаһар басшысы сөзінен кейін, педагогикалық еңбек ардагерлері мен ұстаздарға құрмет грамоталарын, алғыс хаттарды және дипломдарды тарту етті.

"Нұр Отан" партиясының қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Юлия Бадина да қаланың барша педагогикалық құрамын төл мерекелерімен құттықтады.

Биыл, Жастар жылында "Жас мұғалім - 2019" байқауы өтті. Аталмыш сайысқа еңбек өтілі бес жылдан асатын Қарағанды қаласының 40-тан аса білім ошақтарынан 50 жас педагог қатысты. Байқаудың бұған дейінгі екі кезеңі ("Педагогтар атқарған жұмыстардың презентациясы" мен ашық сабақ өткізу) финалға шыққан жеті үздік педагогты анықтады. Ақтық сында қатысушылар әртістік қабілетін көрсетіп, көрермендерге мектепке, өздері қалап таңдаған мамандығына деген махаббатын жеткізді. Әрбір өнер көрсету өз алдына аса қызықты, ерекше әрі әсерлі бола білді. Оған ұстаздардың әріптестері мен тәлімгерлері де атсалысқан.

Финал нәтижесіне сәйкес, "Жас мұғалім - 2019" байқауының жеңімпазы болып "№97 гимназияның" тарих пәнінің мұғалімі Те Олег Романович атанды.

Ақтық сында өнер көрсеткен барша қатысушылар түрлі еоминациядағы дипломдар мен қаржылай сертификаттармен марапатталынды.

Шара барысында музыкалық құттықтауларымен №2 өнер мектебінің "Сарыарқа әуендері" атты фольклорлық ансамблі, Байжанов атындағы музыкалық бірлестіктің солистері, балалар мен жасөспірімдердің "Волшебная страна" сарайының үлгілі хореографиялық ансамблі және "Шолпан" хореографиялық ансамблі өнер кеөрсетті.

Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel