Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшқыштарды дайындайтын қазақ қызы декретте немен айналысып жүргенін айтты

Опубликовано:

Үржарлық Айжан Құмарқызы төрт жыл бойы азаматтық авиация академиясында оқып, бала күнгі арманын жүзеге асыра білген екі баланың анасы. Әскери мамандықты таңдаған ол, аталған шешіміне ешқашан өкінбеймін дейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Instagram

- Айжан қай жақтан боласыз? Біліуімізше, отбасында екі бала тәрибелеп отырсыз ғой?

Мен ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында туып өстім. Қазір Алматыда тұрамыз. Тұрмыстамын. Екі балам - бір қызым, бір ұлым бар.

- Декреттегі авиаторсыз ғой? Жұмысқа шығу жоспарыңызда жоқ па? Жалпы авиатор мамандығы қыз балаларға қиындау шығар, бұл мамандықты қалай таңдадыңыз?

Иә, қазір декреттемін, ұлымның 3 жасына дейін декретте отыруға жоспар бар.

Оңай деп айта алмаймын, өте қиын, бірақ өз қалауыңмен таңдаған оқуыңнан ләззат алады екенсің. Бұрыннан қызықтыратын сұрақтарыма жауап алдым.

Таңдаған себебім - мен мектептен бері форма кигенді қатты ұнататынмын. Сосын өзіме болашақта форма киетін мамандықты таңдаймын деп уәде бердім.

Үйде 6 баламыз. Ағам, 3 апайым, мен және інім бар. Әкем ерте 50 жасында қайтыс болған... Анама өте қиын болды... Бірақ анам өте мықты адам, басымды иемін анама. Бізді жеткізді, оқытты, адам қылды.

Әкем қайтыс болғанда мен 4 сыныпта ғана едім. 6 сыныптан бастап "әскери қызметкер" боламын деп армандадым.

Авиация туралы еш ойым болған жок. 11 сыныпта Өскемендегі әскери оқу орнында бір жыл бойы дайындалдым. Көптеген ауылдық, аудандық, қалалық медкомиссиялардан, ҰБТ-дан сүрінбей өтіп дайын болдым.

Бүкіл құжаттарымды әлгі оқу орнына тапсырдық. Бірақ бізге: "Өкінішке орай осы жылдан бастап оқу-орнына қыз балаларды қабылдамайтын болды" деген хабар айтты.

Әлгі жерде өкіріп жыладым. Содан Семейге келіп, үш ЖОО таңдадым, солардың бірі Азаматтық авиация академиясы болды.

  • Мен соған оқуға түсіп, диплом алдым. 22 жасымнан бастап осы салада жұмыс атқарып келемін.

- Қазір көптеген декреттегі аналар үйде бос отырмай, желі арқылы табыс табады... Ондайға қалай қарайсыз? Мысалы сол істің маманы болмай тұрып, көпшілікке ақыл-кеңес айту дұрыс па?

Декретте отырып ақша тапқанға қарсы емеспін. Өзім де декретте отырып жұмыс жасаймын. Блогермін, жарнама жасаймын, демеушілермен бірге байқаулар ұйымдастырамын.

Ал екінші сұрағыңызға жауап айтатын болсам, кей адамдар сол мамандардың өздерінен керемет нәтиже көрсетіп жатады. Қолынан келсе неге жасамасқа?

- Ата-енеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай? Жалпы жас келіндердің көпшілігі қазір енемен тұрғысы келе бермейді... Сол дұрыс па?

Енеммен қарым-қатынасым өте жақсы. Ол кісіні анамдай көремін, сыйлаймын, құрметтеймін. Екеуміз құрбыдаймыз. Кейде қалжыңдасып та жүреміз.

Ең бастысы бір - біріміздің көңілімізге қараймыз. Иә, бірге тұрғысы келмейтіндерін көбінен естимін, бірақ маған сондай таңдау түссе, енеммен бірге тұратын едім.

Бірге тұру – дұрыс, бұрыс деп айта алмаймын. Ол әр адамның жеке шешімі.

- Қазір ажырасу көп... Неге деп ойлайсыз ? Әйелдер жағы ер адамдарға қарағанда тәуелсіз болып кеткен жоқ па?

Себебі көбі бір-бірінің мінездеріне шыдамай жатады және материалдық жағдайлары да түрткі болуы мүмкін. Қазір заман сондай, сен ер адамсың, сен әйелсің деп бөлуге болмайды.

"Сен бала туып үйде отыруың керек" деген сөзбен мен жеке басым келіспеймін. Менің өз ойым, жолдасыма көмектесу, бірге қол ұстасып мақсаттарымызға тезірек қол жеткізу.

Ең бастысы жұмысым отбасыма зиянын келдірмесе болғаны

- Аяулы жар, ардақты ана ретінде жас қыз-келіншектерге айтар ақылыңыз...

Әйел ретінде қыздарға ақылды болыңдар дегім келеді. Жолдастарыңды өзгертуге тырыспаңыздар. Ең бастысы, әйел адам өзін сүйіп, жақсы көретін ісімен айналысса, айналасындағы адамдардың бәрі бақытты болады деп ойлаймын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826609-bolasak-skystardy-dajyndajtyn-kazak-kyzy-turaly-ne-bilemiz/

pixel