RU
Танымал рэпер Канье Уэст президенттік сайлауға түспекші

Танымал рэпер Канье Уэст президенттік сайлауға түспекші

Рассказать Вконтакте

Америкалық танымал рэпер Канье Уэст 2024 жылы АҚШ-та өтетін президент сайлауына үміткер болуды жоспарлап жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2024 жылы президент сайлауына түскен кезімде біз көптеген жұмыс орнын ашуымыз мүмкін", – деді Уэст.

Сондай-ақ рэпер қоғам белсендісі болған Мартин Лютер Кингтің атқарған қызметін еске алды.

Кезінде қоғам қайраткері "қара нәсілділердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, экономикалық мүмкіндіктерді арттыру" жөнінде мәселе көтерген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Канье Уэст 2020 жылғы президент сайлауында өз кандидатурасын ұсыну жоспары жөнінде мәлімдеген еді.

Сол кезде АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп қалжыңдап, келесі сайлауда рэпердің өзіне бәсекелес бола алатынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel