RU
Танымал ресейлік актриса тұрмысқа шықпақ (фото)

Танымал ресейлік актриса тұрмысқа шықпақ (фото)

Рассказать Вконтакте

Белгілі ресейлік актриса Анастасия Задорожная тұрмысқа шықпақшы. 34 жастағы ару желіде жүзігімен түскен суретін жариялап, елді қызықтырып қойған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өзін актриса әрі әншілік қырынан көрсете білген Задорожная Instagram желісіндегі жазбасымен көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Ол жеке парақшасына ер адаммен қол ұстасып тұрған суретін салып қойған. Елдің көзі бірден актрисаның саусағындағы жүзікке түскен.

Желі қолданушылары Анастасияны қалыңдық атануымен құттықтап, алдағы уақытта күйеу жігітпен таныстыруды сұраған.

Айта кетейік, әзірге ресейлік әртістің таңдауы кімге түскені белгісіз. Дегенмен бұған дейін Анастасия Задорожная сүйіктісімен кездесіп жүргеніне жарты жылдай уақыт өткенін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel