RU
Мектеп орындығын сындырып алған мұғалім 65 келі салмақ тастады (фото)

Мектеп орындығын сындырып алған мұғалім 65 келі салмақ тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Артық салмағының кесірінен мектептегі орындықты сындырған ұстаз 65 келіге арықтап кетті. Бұған дейін ол 130 келі болған деп хабарлайды Life.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Cempedak Cheese

Фото: Facebook / Cempedak Cheese

Қытайлық Джикгу Норазман есімді мұғалімнің салмағы 130 келі болған. Артық салмақпен арпалысқан педагог қиындықтарды, жағымсыз сәттерді көп көріпті. Ол емін-еркін дәретханаға кіре алмаған. Тіпті, өзіне сай киім де таба алмапты. Норазман костюмдерін арнайы тапсырыспен тіктіріп келген.

Оқушыларының алдында отырған орындығын сындырып қойған кезі - Джикгудің өміріндегі ең жағымсыз сәті. Сөйтіп ол қауіпсіздік мақсатында екі орындықты қосып отыратын болған.

Фото: Facebook / Cempedak Cheese

Фото: Facebook / Cempedak Cheese

Бір күні мұғалімнің жүрегі шыдамай, қан қысымы көтеріліп кетеді. Осыдан кейін ол өмірін өзгертпесе, әйелі мен баласын жалғыз қалдыратынын түсінген. Ер адам диетаға отырып, өзіне физикалық күш салған. Өзін қатаң бақылауға алып, дұрыс тамақтануға көшеді. Осылайша ол 130 келі салмақтан, 65 келіге бір-ақ түскен.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel