RU
Қазақстанда зейнетақы жүйесіне реформа жасау ұсынылды

Қазақстанда зейнетақы жүйесіне реформа жасау ұсынылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда зейнетақы жүйесінде өзгерістер болуы мүмкін. Қазіргі жүйе тұрғындардың тұрмыстық мәселелерін шеше алмағандықтан осындай шешім қабылданбақ деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мұндай өзгерістер туралы Стратегиялық бастамалар орталығы хабарлады.

Телеарна берген мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта зейнетақы жинағы бар жалпы тұрғындардың 70 пайызы қартайғанша 1 миллион теңге жинай алмаған. Қордағы ақша ипотекаға үй алу үшін алғашқы салым салуға да жетпейді.

Қазақстандық сарапшылар аталған мәселеге мән беріп, реформа жасау арқылы зейнетақы жүйесін өзгертуге ұсыныс жасады.

  • Мамандардың сөзінше, жаңа жүйе қазақстандықтарға қартайған сәтте ғана емес, баспана алу үшін немесе басқа да қажеттіліктеріне керек кезде көмек болады.

Сарапшылар бұл өзгерістерді сингапурлық зейнетақы жүйесі арқылы жасауға болатынын айтты. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы қорын құру керек.

Хабарламада зейнетақы жинақтаудың сингапурлық моделіне сәйкес, ай сайынғы салымды жұмысшы ғана емес, жұмыс беруші де салуы керек.

Сөйтіп салымшының есепшотына түскен ақшаларды үш шотқа - әдеттегі, арнайы және медициналық етіп бөледі.

  • Әдеттегі шот - ақшаны әлеуметтік қажеттілікке (баспана, оқу) жұмсауға арналған. Сондай-ақ егер адам еңбекке жарамсыз болып қалса, бұл соманы мерзімінен бұрын шешіп алуға болады.

Арнайы шотта қартайған кезде төленетін ақша сақталады. Оны белгіленген мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды.

Медициналық шотқа салынған қаражат қажетті ем-дом үшін жұмсалмақ.

Стратегиялық бастамалар орталығының директорының сөзінше, мұндай жүйені Қазақстанда сәтті енгізуге болады.

Маманның ойынша, мұндай өзгерістер қазіргі уақытта ел тұрғындарының зейнетақы жүйесіне қойып отырған барлық талаптарын қанағаттандыра алады.

Сіздің реакцияңыз
1
6
1
1
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel