RU
"Көріпкел сияқтымын": Түсіпбаева отандық актрисаның жеңісін алдын ала болжаған

"Көріпкел сияқтымын": Түсіпбаева отандық актрисаның жеңісін алдын ала болжаған

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева АҚШ төрінде үздік актриса атанған Аружан Жазылбекованың жеңісін алдын ала болжаған болып шықты. Қазақстандық әртістің топ жаратынын ол "көріпкелдігінің" арқасында сезіп қойғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түсіпбаева жүлделі болған отандасы үшін аса қуанышты екенін жеткізіп, Instagram парақшасында оны жеке құттықтады.

"Көріпкел болып кетпесем болды. Көріпкел сияқтымын. Жақында ғана Аружанды көріп, "Композитор" киносындағы атқарылған керемет жұмысымен құттықтағанмын. Мен оған "Димаш сияқты шетелдік деңгейге сен де шығу керексің" дегенмін. Аружан, құттықтауларымды қабыл ал" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Түсіпбаева марқұм Жанар Хамитованың жерлеу рәсіміне келмей, артынан оған ән шығарған әншілерді сынға алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel