RU

Алматыда қар көшкіні болу қаупі бар

11-12 қарашада Алматы маңында қар көшкіні болуы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет" РМҚ-ға сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook
"Қазгидромет" орталығының мәліметіне сәйкес, 11-12 қарашада жауын-шашынның көп жаууы мен тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, бұл күндері Алматыда ауа райы алабұлтты. Ауа температурасы 1-5 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына алты метрге дейін жетіп, жаңбыр жауады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1826639-almatyda-kar-kskini-bolu-kaupi-bar.html