RU
Қарағандыда жаңа автобустар мен электронды билеттендіру жүйесі іске қосылады

Қарағандыда жаңа автобустар мен электронды билеттендіру жүйесі іске қосылады

Рассказать Вконтакте

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров қалаға электронды билеттендіру жүйесін енгізетін оңтүстік кореялық "Смарт Карт" компаниясының өкілі Джейсон Ан, "DGB Холдинг" өкілі Бэ Ин Кю және "DGB U PAY" компаниясының өкілі Со Кынмен кездесті. Сондай-ақ, жүздесуге СарыарқаАвтоПром өкілдері, банк өкілдері және қала автопарк басшылары қатысты.

Фото: Қарағанды әкімдігі

Фото: Қарағанды әкімдігі

"Бұл сұрақ екі жарым жылға жуық уақыт пысықталуда. Енді біз аталған жобаны толық деңгейде жүзеге асыру міндеттелген соңғы сатыға келіп жеттік"-, деді қала басшысы Нұрлан Әубәкіров.

Өз кезегінде Джейсон Ан енгізу мерзімдері біраз кешіккенімен, жақын арада жүйе жұмыс істей бастайтынын айтты. Бүгінгі күні автопарктерде монтаждау жұмыстары басталып кеткен. "№3 автобус паркі" ЖШС, "№5 автобус паркі" ЖШС және "№2 Қарағанды автобус паркі"ЖШС-де кабельдерді төсеу бойынша жұмыстар аяқталған. Қазіргі уақытта жұмыстар "Манас" ЖШС және "Рейс" ЖМ жүргізілуде. Келесі кезеңде төлем терминалдарын орнату және серверді орнату жоспарлануда.

Фото: Қарағанды әкімдігі

Фото: Қарағанды әкімдігі

"Осы жобаны жүзеге асыру барысында біздің тарапымыздан кешігу болғандықтан, Қарағанды қаласына ерекше сыйлық жасағымыз келеді. Біз автобустың толық мониторингін қамтамасыз ететін TVI бағдарламасын әзірледік. Терминалдардан басқа автобустарға маршруттарды толық қадағалайтын бейнекамералар орнатылады.
Біз тікелей автобустардың ішінде және сыртқы бақылау үшін орнататын камералар Кореядағы ең соңғы әзірлемелер және өте жоғары рұқсаты бар. Сондықтан, тіпті түнгі уақытта сіз маршрутты және жолаушылардың барлық қозғалысын бақылай аласыз",- деді Джейсон Ан.
Фото: Қарағанды әкімдігі

Фото: Қарағанды әкімдігі

Қоғамдық көлікте жолақы төлеудің автоматтандырылған жүйесі бюджет есебінен емес, Оңтүстік Корея инвесторының қаражаты есебінен енгізіледі.

Фото: Қарағанды әкімдігі

Фото: Қарағанды әкімдігі

Айта кетейік, қыркүйек айының соңында Қарағандыда үшінші автопарктің жаңа автобустары шықты. Саты бойынша қала автобустарының көп бөлігін ауыстыру жоспарлануда. Егер бүгінгі күні жылжымалы құрамның орташа жасы 17 жасты құраса, жаңартылған соң орташа жас 10-нан астам жылға азайып, 6-7 жасты құрайтын болады.

Фото: Қарағанды әкімдігі

Фото: Қарағанды әкімдігі

Инвесторлардың айтуынша, электрондық билеттендіру жүйесін енгізу 2020 жылдың қаңтарында жүзеге асырылмақ.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel