RU
Бір матчта екі айып соққысын сәтті орындаған Месси тағы да "алтын доп" ала ма

Бір матчта екі айып соққысын сәтті орындаған Месси тағы да "алтын доп" ала ма

Рассказать Вконтакте

Футболдан Испания чемпионатының 12-ші турында "Барселона" командасы "Сельтаны" 4:1 есебімен ұтып, 25 ұпаймен турнирде көш бастап келеді. Команда капитаны аргентиналық Леонель Месси хет-трик жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған матчта Аргентина құрамасы мен испаниялық "Барселона" шабуылшысы екі рет айып соққысын орындап, екеуінде де қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Осылайша, спорттық мансабында 52-ші хет-трикке қол жеткізген Месси айып соққысын орындаудың хас шебері екенін тағы бір дәлелдеді. Ол бұл көрсеткіште де 52 голдың авторы атанып отыр. Аталған жетістіктер аргентиналық футбол жұлдызын алтыншы "алтын доп" марапатына бір табан жақындата түскені анық.

Айта кетейік, Леонель Месси осымен 11 жыл қатарынан ұлттық құрама мен "Барселона" сапында 40-тас астам гол соғып келеді.

Атап айтқанда, 2009 жылы – 41, 2010 жылы – 60, 2011 жылы – 59, 2012 жылы – 91 (әлемдік рекорд), 2013 жылы – 45, 2014 жылы – 58, 2015 жылы – 52, 2016 жылы – 59, 2017 жылы – 54, 2018 жылы – 51, және ағымдағы жылы әзірге – 42 гол.

Назарларыңызға Испания чемпионатының 12-ші турында Леонель Мессидің жасаған хет-тригін ұсынамыз:

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel