RU
Аттестациялаудан кім өтпеді: Тұрғымбаев тексеріс қорытындысымен бөлісті

Аттестациялаудан кім өтпеді: Тұрғымбаев тексеріс қорытындысымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствода өткен брифинг барысында ішкі істер органдары басшылық құрамының кезектен тыс аттестациялау қорытындыларымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Оның айтуынша, аттестациялаудың негізгі мақсаты – кәсіби даярлық деңгейін, құқықтық мәдениет пен халықпен жұмыс жасау қабілетін анықтау, басшылық құрамды жаңарту мен кадрлық резервті қалыптастыру.

Кезектен тыс аттестациялаудан өтуге орталық аппарат пен өңірлік департаменттердің, комитеттердің, сондай-ақ жоғары оқу орындары басшылары мен орынбасарлары тартылды.

"Өздеріңіз білетіндей, кезектен тыс аттестациялау мезгілі сәуірден қазан айына ауыстырылды. Алайда, кадрлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде осы уақыт аралығында басшылық құрам елеулі өзгерістерге ұшырады. Біз бұл жұмысты ашық түрде, жұртшылықты ақпараттандыра отырып жүргіздік. Жалпы, бірінші басшылардың 60 %-ы, соның ішінде, министрліктің 17 орталық аппаратының 12 басшысы немесе 70 %, сондай-ақ өңірлік полиция департаменттерінің 18 басшысының 9-ы немесе 50 %-ы ауысты.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстары полиция департаменттерінде басшылар ауысты. Сондай-ақ орталық аппараттағы басшылардың 15 орынбасары және өңірлік полиция бөлімдерінде 35 орынбасар ауыстырылды", – деп атап өтті Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек, ведомстволық ЖОО-ларда басшылардың 40 %-ы – 4 басшы мен 6 орынбасар ауысты.

Сонымен қатар, 19 басшы жоғары лауазымдарға ұсынылып, президенттің кадр резервіне енді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel