RU
Өз шәкіртін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған доцент елді дүрліктірді

Өз шәкіртін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған доцент елді дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жантүршігерлік жағдай орын алды. Онда 24 жастағы аспират-студентті ғылыми жетекшісі өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Өкініштісі марқұмның шабылған қолдары қылмыскердің сөмкесінен табылса, денесінің қалған жартысы пәтерінен табылған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Оқиға 9-қараша күні орын алған. Құқық қорғау органдары қаладағы өзендердің бірінен сөмкесінде әйел адамның шабылған қолдары бар ер адамды ұстаған.

Кейін белгілі болғандай тұтқындалған ер адам Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті, әскери тарих пәнінің ұстазы Олег Соколов болған.

Ол өзінің 24 жастағы шәкірті, аспирант Анастасия Ещенконы өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Марқұмның денесінің қалдықтары қылмыскердің пәтерінен табылған.

Бүгінде аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ер адамның мұндай адам шошырлық әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
0
2
6
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel