RU
Фатима Жақыпова антиплагиат шешімінің негізсіз екенін мәлімдеді

Фатима Жақыпова антиплагиат шешімінің негізсіз екенін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Ғылыми еңбегіндегі плагиат дауына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында есімі жиі аталып жүрген білім вице-министрі Фатима Жақыпова "антиплагиат шешімінің негізсіз" екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фатима Жақыпова. Фото Facebook парақшасынан алынды

Фатима Жақыпова. Фото Facebook парақшасынан алынды

Сәйкес мәлімдемесін ол өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Айтуынша, оның ғылыми еңбегі ресейлік және польшалық антиплагиат жүйелерімен тексерілген.

"Кейбір адамдар тек сандық деректердің негізінде плагиаттың бар-жоғы туралы тұжырым жасап, осылайша қалың көпшілікті адастырады", – деп жазды вице-министр.

Ол ғылыми еңбекті жазу кезінде автор дереккөзге сілтеме жасаған күннің өзінде де жүйенің механикалық түрде базадағы бар мәтіндерді салыстыратынын атап өтті.

Вице-министр өз диссертациялық жұмысын Turnitin деп аталатын ғылыми еңбектің бірегейлігін тексеретін жаңа бағдарламада қайта тексеріп шыққанын алға тартты. Айтуынша, аталған бағдарламада оның ғылыми еңбегінің бірегейлігі 87% көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel