RU
Вице-министр зорланған қыз жайлы мәлімет таратқан полицейлер туралы айтты

Вице-министр зорланған қыз жайлы мәлімет таратқан полицейлер туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер вицe-министрі Алексей Калайчиди ІІМ отырысында ШҚО-да зорланған қыз туралы мәліметтерді таратқан полицейлердің әрекеттеріне түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ол полицейлердің әрекетіне сөзсіз құқықтық баға берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ, Алексей Калайчиди құқық қорғау органдары қызметкерлері өз қызметтері мен тергеу материалдарын асыра пайдаланған жағдайда, әдеттегідей жұмыстан шығару керек екенін мәлімдеді.

Бұдан бөлек қызметкердің іс-әрекеттері қаралып жатқан қылмыстық іс аясында бағаланатын болады.

Осы ретте ол Қарағандыда болған жағдайды есіне алды. Оның сөзінше, олар жас полиция қызметкерлері болған және жастар смартфонды әрқашан тиімді пайдалана бермейді.

Ол сондай-ақ қызметкерлердің бөтен ойы болмағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, ШҚО-да 7 жасар қызға азғындық әрекет жасады деп күдіктелген азамат өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған.

Кейін желіде күдікті жайлы ғана емес, зорлықтың құрбаны болған қыз бала туралы да ақпараттың тарап кеткені анықталды.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel