RU

Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапармен қашан баратыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған. Қазақстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік келісімі саммитіне қатыспақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қырғызстан президентінің ресми сайтында хабарланғандай, Сооронбай Жээнбеков Қырғыз Республикасының сыртқы саясат ведомствосының басшысы Чынгыз Айдарбековпен кездесу өткізген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындық барысын айтқан.

Сондай-ақ көрші елдің сыртқы істер министрі алда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік келісімі саммитіне дайындық жұмыстары қалай өтіп жатқанын хабарлаған.

Саммит 28 қарашада өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек, Беларусь, Ресей, Тәжікстан басшылары және Арменияның премьер-министрі қатысады.

Sputnik Қазақстан басылымының хабарлауынша, Қазақстан мен Қырғызстан алдағы үш жылға ынтымақтастық бағдарламасын қабылдайды деп күтілуде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапармен қашан баратыны белгілі болды
Mailfire view pixel