Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда үш жасар қызды зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

Опубликовано:

Таразда 3 жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Жақында сот оған қатысты үкім шығарды деп хабарлайды "КТК" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Сот шешімі бойынша, ер адам балаға қасақана зорлық көрсету бойынша кінәлі деп танылды.

Оған қатысты өмір бойына балалармен жұмыс жасау құқығынан айырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Бұдан бөлек, сотталушы жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске сала кетейік, бұл жантүршігерлік қылмыс туралы биылғы маусым айында белгілі болды. Оқиға Жамбыл облысындағы елдімекендердің бірінде орын алған.

Тұрғындардың айтуынша, 3 жасар қызды көршісі алдап, үйіне алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1826757-tarazda-s-zasar-kyzdy-zorlagan-er-adam-20-zylga-sottaldy/

pixel