RU
"Бөлек шығарамын": Түсіпбаева болашақ келініне қояр талабын айтты

"Бөлек шығарамын": Түсіпбаева болашақ келініне қояр талабын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева ұлының жары қандай болу керектігін ашып айтты. Әнші жалғыз перзентінің әйелімен бір шаңырақ астында тұрғысы келмейді деп жазады "Сенбілік серуен" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық эстраданың өкілі келешекте жас жұбайларды бөлек шығарып, олардың өміріне араласпайтынын айтты. Алайда, болашақ келініне Түсіпбаеваның қояр басты талабы бар.

"Ең бастысы, ұлыма адал болса болды. Мен ол келінмен тұрмаймын. Баламды бөлек шығарамын. Қазір оның жасы 18-де. Бұйыртса кейін оны бөлек шығарып жіберемін, бөлек кетеді. Қазірдің өзінде сыртта тұрады. Астанада үйіміз бар, бөлек тұрады. Келініме қөояр бір ғана талабым бар. Балама адал болып, оны жақсы көрсе болды.
Бар махаббатын балама берсе болды. Бас түк те керек жоқ. Сәлемі де, басқасы да керек жоқ. Құрбылар сияқты алыстан сыйласып жүргенге не жетсін? Келінді жегіп, оны үй қызметшісі сияқты құл қылмаймын. Менің үйіме түскен келін қызым іспетті еркелеп жүреді" , - деді Түсіпбаева.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel