RU

Бангладеште пойыздардың соқтығысуынан 15 адам қаза болды (фото, видео)

Бангладештің Брахманбария округінде екі жолаушылар пойызының соқтығысуынан кемінде 15 адам қаза болды, тағы 30-ға жуығы зардап шекті деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, төтенше жағдай 12 қарашада 02:00 шамасында ел астанасы Даккадан 109 шақырым қашықтықта орын алған.

Апаттың себебі мен мән-жайы анықталуда. Қаза болғандар саны артуы мүмкін, себебі, қираған вагондардың ішінде әлі де адамдар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1826766-bangladeste-pojyzdardy-soktygysuynan-15-adam-kaza-boldy-foto-video.html