RU
Өзбекстанда дүниеге келген талантты қазақ дирижері туралы білесіз бе

Өзбекстанда дүниеге келген талантты қазақ дирижері туралы білесіз бе

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан Ұлттық симфониялық оркестрінің бас дирижері, дарынды музыкант Әлібек Кабдурахманов өзінің Ата-қонысында жеке кешін өткізбекші. Бірнеше халықаралық фестивальдерде топ жарған талантты жігіт Құрманғазы оркестрімен бірге өнер көрсетеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзбекстанда дүниеге келген талантты қазақ дирижері туралы білесіз бе

Әлібек Кабдурахманов. Коллаж: NUR.KZ

1984 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген Әлібек баспасөз өкілдеріне берген сұхбаттарында өзінің "таза қазақ" екенін үнемі айтып жүреді.

"Иә, менің ұлтым - қазақ. Әкем де, шешем де қазақ. Олар да осында (Ташкентте - ред.) дүниеге келген. Ал атам мен әжем, әкемнің ата-анасы, бұрынғы Гурьев облысынан көшіп келген. Қазір ол жер Атырау деп аталады", - дейді талант иесі.

Өзбекстанның мемлекеттік консерваториясын «Ұрмалы аспаптары» мамандығы бойынша бітірген ол 2005 жылдан бастап музыкалық театр оркестрінің - Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы жанындағы студияның әртісі болған.

Ал 2007 жылы Өзбекстанның ұлттық симфониялық оркестрінің ұрмалы аспаптар тобының концермейстері болып қызмет еткен.

Сондай-ақ, жас болса да, бас дирижер атанған Әлібек көптеген республикалық және Халықаралық байқаулар мен фестивальдерде гран-при иеленген.

Әр түрлі елдерде өнер көрсетіп жүрген талантты дирижер енді Алматы қаласындағы жанашырлары үшін концерт бермекші.

"Классика тербетеді" деп аталатын кеш 15 қараша күні Құрманғазы оркестрінің концерт залында

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel