RU
Головкиннің кезекті қарсыласы GGG-дің осал тұстарын атады

Головкиннің кезекті қарсыласы GGG-дің осал тұстарын атады

Рассказать Вконтакте

Орта салмақта Еуропаның бұрынғы чемпионы поляк боксшысы Камил Шеремета кезекті қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің осал тұстарын атады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/gggboxing, /szeremeta_kamil

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/gggboxing, /szeremeta_kamil

Жекпе-жек Чикагодағы Wintrust Arena алаңында алдағы жылдың ақпан немесе наурыз айында өтеді деп жоспарлануда.

"Біздің кездесуіміздің ұйымдастырылуына ештеңе кедергі келтірмейді деп үміттенемін. Себебі бұл жекпе-жекті өткізуді армандаймын. Осы санаттағы ең үздік боксшылардың бірімен жұдырықтасып, өзімді тексеріп көруге мүмкіндік аламын. Осындай мүмкіндікті спорттық мансабымда ұзақ күттім.
Головкин әлі де орта салмақ санатының үздіктер қатарында. Алайда, оның жарқырап тұрған кезеңі артта қалғанын байқауға болады. Соңғы жекпе-жегінде бірнеше жыл бұрынғы бабында емес екені көрініп тұр. Оны аяқ қозғалысынан-ақ аңғаруға болады.
Әрине, бұл жекпе-жекте мен фаворит болмаймын. Алайда, мені мамандардың пікірі алаңдатпайды. Әлемді таңғалдырып, титулды өз сүйікті елім – Польша үшін жеңіп алғым келеді", – деді Шеремета Interia Sport-қа берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин The Ring журналының нұсқасы бойынша әлемнің үздік боксшылары рейтингінде ең ұзақ уақыт тұрған спортшы атанып, рекорд орнатты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel