RU
Алматы тауында жоғалған қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды

Алматы тауында жоғалған қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды

Рассказать Вконтакте

Болжам бойынша, Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан турист қызды іздеу шаралары тоқтатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсел Панаргалиева. Фото: vk.com/gornotravel

Әсел Панаргалиева. Фото: vk.com/gornotravel

"Туыстары хабарласып, қызды іздеуді тоқтатуды өтінді. Себебін білмейміз. Қыз табылған болуы мүмкін", – деп мәлімдеді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті республикалық жедел-құтқару жасағынының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, республикалық жедел-құтқару жасағы турист қыздың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген. Қыздың туыстары оның соңғы кездері тау туризмімен белсенді айналысып жүргенін жеткізді.

Белгілі болғандай, ол 9 қарашада Үлкен Алматы шыңын бағындыруға шыққан. Кейінірек ол әлеуметтік желідегі парақшасына шыңнан түсірілген бейнеролик жариялаған. Содан кейін байланысқа шықпаған.

Іздеу жұмыстары ауа райы жағдайына байланысты қиындай түскен. 11 қараша күні таңертең іздестіру аумағын кеңейту үшін қосымша күш шақыртуға шешім қабылданған еді.

Осылайша, құтқарушылар екі топқа бөлініп, біріншісі өткел арқылы Үлкен Алматы шыңына қарай жаяу барды. Шыңға тура жолмен бару қар көшкіні болу қаупіне байланысты мүмкін болмады. Екінші топ "Проходное" шатқалы арқылы өтіп, жақын маңдағы аудандарды тексеріп шықты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel