RU
"Азияның ең әдемі тұлғалары": Димаш Құдайберген тізімде нешінші орында тұр (фото)

"Азияның ең әдемі тұлғалары": Димаш Құдайберген тізімде нешінші орында тұр (фото)

Рассказать Вконтакте

Аты әлемге әйгілі болған әнші Димаш Құдайберген табынушыларын өз жетістігімен қуантуды жалғастыруда. Қазір қазақстандық танымал жұлдыз "Азияның ең әдемі тұлғалары" рейтингінде 8-ші орынды иеленіп тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы TC Candler Facebook парақшасында белгілі болды.

Осы жылы тамыз айының соңында TC Candler сұлулық жөніндегі тәуелсіз сарапшылар қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді халықаралық "Ең көрікті азиялық келбет" номинациясына ұсынған болатын.

Ал енді TC Candler Азияның 100 тартымды әрі көрікті тұлғасы кіретін жыл сайынғы тізім жасап шығарды.

Ал Димаш Құдайберген бұл тізімнің бастапқы жағына жайғасып, құрметті сегізінші орынды иеленді.

Онда жас әншінің адам сенгісіз таңғажайып даусы мен нәзік жандыларды естен тандырарлықтай көрікті келбетке ие екені айтылған.

"Әлем халқы, барлық ұлт оған ессіз ғашық. Ол күн мен айдан да жарық бола алады",- деп жазды TC Candler.

Димаштың алдына жайғасқан жетілікті бағалауды ұсынамыз.

Айта кететін жайт, Димаш өткен жылы ғаламдағы ең көрікті жігіттердің жүздігіне енген болатын.

Бұл жолы қазақстандық талант иесін қолдау үшін лүпіл басу мен пікір қалдыру маңызды болды.

Құдайбергеннің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері бұл "миссияны" ойдағыдай орындаған сыңайлы.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel