RU

Алматы әуежайы түрік компаниясына сатылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматыдағы әуежайдың түркиялық компанияға сатылуы мүмкін екенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Министрдің айтуынша, оңтүстік астананың әуежайы бүгінде жеке компанияға тиесілі. Қазіргі уақытта нысанды Түркияның фирмасына сату жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

Ол келіссөздердің аяқталмағанына байланысты мәміле жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Атамқұловтың айтуынша, барлық қажетті нюанстар азаматтық авиация комитетімен келісіліп жатыр.

Сонымен қатар, ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұл шара Алматы әуежайының жұмыс сапасын арттыруға, сондай-ақ инвестициялар тартуға оң ықпалын тигізеді.

Аталған түркиялық компанияның бұл саладағы тәжірибесі мол екені белгілі болды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі компанияның тағы бірнеше әуежайы бар екенін атап өтті. Соның екеуі – Францияда.

Алматы әуежайы Орталық Азиядағы ең ірілердің бірі. Сондықтан да оны жаңартып, жолаушылар легін көбейту қажет.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта оңтүстік астана әуежайының 100% акциясы Нидерландының Venus Airport Investment B.V. комраниясына тиесілі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әуежайы түрік компаниясына сатылуы мүмкін
Mailfire view pixel